Q Football

Әзербайжанда Покатиловты сынағандарға жауап берді

Әзербайжанда Покатиловты сынағандарға жауап берді
©️ Stas Pokatilov

«Сабах» қақпашысы Стас Покатилов команданың соңғы матчтарынан кейін сынға ұшырады.

Әзербайжандық журналист Сүлейман Велиев қақпашыға қатысты айтылған пікірлерді объективті емес деп санайды. Оның сөзінше, «Хапоэльге» қарсы ойындағы қателіктер көбіне команданың ойын жүйесімен байланысты болған.

«Кейбір жанкүйерлер Покатиловты команданың әлсіз буыны деп санайды. Алайда бұл — терең талдауға негізделмеген пікір. Ол матчтағы қателіктер көбіне ойын стилінен туындады. Қақпашыдан шабуылды ұйымдастыруға үнемі қатысуды талап еткенде, мұндай қателіктер болуы мүмкін», — деді Велиев.

Журналист сондай-ақ Валдас Дамбраускастың басшылығымен «Сабахтың» жетістіктеріне қазақстандық қақпашының қосқан үлесін атап өтті. Оның пікірінше, Покатилов бірнеше жыл бойы командаға жетіспеген тұрақтылықты қақпа шебіне алып келді.

Осы аптада қақпашы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде дебют жасады. «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесуде «Сабах» 0:4 есебімен жеңілді. Покатилов капитандық белгімен 90 минут толық ойнап, бес сейв жасады.