«Футбол әлемінде күн сайын түрлі пікірталастар болып жатады. Әр адамның өз ойын айтуға құқығы бар. Мен «Алтын доп» иегері болудың қандай екенін жақсы білемін. Кез келген футболшының бұл марапатты жеңіп алуды армандауы және соған ұмтылуы — қалыпты жағдай. Мұндай мақсатқа деген құрметпен қарауымыз керек. Дегенмен менің ойымша, биыл бұл жүлдеге Килиан бәрінен де лайық болды», — деп келтіреді Зиданның сөзін AS басылымы
Зиданның пікірінше, «Алтын допқа» Мбаппе лайық болды

Зинедин Зидан Мадридтің «Реал» клубы мен Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппені биылғы «Алтын доп» жүлдесіне ең лайықты үміткер деп санайтынын мәлімдеді