Q Football

«Арсеналдың» 16 жастағы вундеркинді Англия Джуд Беллингемнің тарихи рекордын жаңартты

«Арсеналдың» 16 жастағы вундеркинді Англия Джуд Беллингемнің тарихи рекордын жаңартты
©️skysports.com

Макс Доуманның Португалияға қарсы жолдастық кездесудің екінші таймындағы дебюті Ли Карсли командасын қатарынан екінші жеңілістен құтқара алмады

Лондондық «Арсеналдың» түлегі Англия жастар құрамасы (U-21) тарихындағы ең жас футболшы атанды. Жұма күні Бристольде өткен Португалияға қарсы жолдастық матчта хавбек 61-минутта Амарио Козье-Дюберридің орнына алаңға шығып, 16 жас, 10 ай және 13 күндік шағында дебют жасады. Осылайша, «зеңбірекшілер» таланты 2020 жылы Косовоға қарсы ойында 17 жас, екі ай және алты күнінде алғаш рет алаңға шыққан Джуд Беллингемнің бұрынғы жетістігін басып озды.

Доуман мен тағы бір дебютант Трей Ньонидің алаңға шыққанына қарамастан, Ли Карсли шәкірттері бірінші таймдағы Афонсу Морейраның голынан кейін португалиялықтарға 0:1 есебімен есе жіберіп, 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет қатарынан екі рет жеңіліс тапты. Қазіргі уақытта Лига кубогы аясындағы «Флитвуд Таунға» қарсы матчта алаңнан қуылғаны үшін ішкі аренада дисквалификациясын өтеп жүрген «Арсенал» ойыншысының өзі үшін бұл меже ғаламат мансабындағы кезекті белеске айналды.

Бұған дейін Доуман Чемпиондар лигасының ең жас қатысушысы (15 жас және 308 күн), АПЛ-дегі ең жас гол авторы (16 жас және 73 күн) және «зеңбірекшілер» сапындағы Англияның ең жас чемпионы (16 жас және 144 күн) ретінде есімін тарихқа жазып үлгерген болатын.