Мюнхендік «Бавария» соңғы жылдары норвегиялық жартылай қорғаушымен тұрақты байланыс ұстап келеді, ал лондондықтардың капитаны Бундеслигада мансабын жалғастыру нұсқасын жоққа шығармайды, деп хабарлайды Sky Sport Germany.
«Арсенал» басшылығы еуропалық алпауыттардың қызығушылығы аясында бақылаудан айырылып қалмау үшін ойыншының 2028 жылдың жазына дейінгі еңбек шартын мерзімінен бұрын ұзартуға барын салуда.
Егер тараптар өзара ортақ мәмілеге келе алмаса, «зеңбірекшілер» 27 жастағы хавбекті 2027 жылдың жазында сату нұсқасын қарастыруға мәжбүр болады. Қазіргі таңда трансферлік құны 80 миллион еуроға бағаланып отырған плеймейкер ағымдағы маусымда барлық турнирде 14 матч өткізіп, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
