Q Football

Рауль «Овьедоға» тағайындалғаннан кейін «Реалға» оралу мүмкіндігі туралы айтты

Рауль «Овьедоға» тағайындалғаннан кейін «Реалға» оралу мүмкіндігі туралы айтты

Мадридтік клубтың аты аңызға айналған шабуылшысы Рауль Гонсалес қызметінен босатылған Хулиан Калероның орнына «Реал Овьедоның» бас бапкері болып ресми түрде тағайындалды. Бұл 49 жастағы маманның кәсіби деңгейдегі бас бапкер ретіндегі алғашқы дербес жұмысы болмақ.

Таныстырылым кезінде испаниялық маманнан бұрын жастар командаларын жаттықтырған «Реал Мадридке» қайта оралу мүмкіндігі туралы сұралды. «Мен өз болашағымды осында көремін. Маған сенім артып отыр, мен өте бақыттымын. Бұл командамен күн сайын жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе», – деп келтіреді Раульдің сөзін AS басылымы.

Жаңа бапкер «Овьедоны» клубтың тарихы, басшылықтың үлкен мақсаттары және жанкүйерлердің қолдауы үшін таңдағанын түсіндірді. Ол басты міндет ретінде Испанияның екінші дивизионындағы орынды сақтап қалуды атап өтіп, командаға өзіндік ойын мәнерін қалыптастыруға уәде берді.

Рауль қысқы трансферлік кезеңде құрамды күшейту мүмкіндігін де жоққа шығармады. Бапкердің айтуынша, алдымен қазіргі футболшылардың әлеуетін бағалап, содан кейін басшылықпен бірге жаңа ойыншылар қажет позицияларды анықтайды.