Майкл Кэрриктің шәкірттері кеше Ағылшын Премьер-лигасының 10-турында «Астон Вилламен» (4:4) тең түсті.
Осы ойыннан кейін «қызыл сойқандар» биылғы маусымда қақпасына ең көп гол жіберген клуб атанды. МЮ барлық турнирдегі 15 матчта 30 гол өткізіп алды. Осылайша «Расинг», «Кристал Пэлас» және «Сасуолломен» теңесті.
«Манчестер Юнайтед» ішкі біріншілікте бар-жоғы сегіз ұпаймен 18-орында тұр.
