Q Football

«Арсенал» «Манчестер Юнайтедтің» жетістігін қайталады

«Арсенал» «Манчестер Юнайтедтің» жетістігін қайталады

Лондонның клубы 9-тур аясында «Энфилдте» «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңді

Осылайша «зеңбірекшілер» АПЛ тарихында сырт алаңда 300 жеңіске қол жеткізген екінші команда атанды. Бұған дейін бұл межені тек «Манчестер Юнайтед» (328) бағындырған.

Тоғыз турдан кейін 24 ұпай жинаған Микель Артетаның шәкірттері ішкі біріншілікте көш бастап тұр. Келесі ойынын команда 4 қараша күні Чемпиондар лигасының 4-туры аясында «Славияға» қарсы өткізеді. Кездесу Прагада болады.