«Сен әрқашан аңыз болып қаласың. Құрмет. Рақмет», — деп жазды Магуайр Instagram парақшасында. Manchester Evening News мәліметінше, негізгі құрамның тағы бірнеше ойыншысы бұрынғы бапкеріне қолдау сөздерін жолдаған.
Кэррик өткен чемпионаттағы табысты жұмысына қарамастан, жаңа маусымның сәтсіз басталуынан кейін клубтан кетті. Сол кезде маман соңғы 17 матчтың 12-сінде жеңіске жетіп, «Манчестер Юнайтедті» Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орынға шығарған болатын. Алайда биылғы маусымда клуб басшылығы бапкерді ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Кэрриктің орнына басты үміткер ретінде Маурисио Почеттино қарастырылып отыр. БАҚ мәліметінше, манчестерлік клуб АҚШ құрамасын жаттықтырып жүрген аргентиналық маманмен алдын ала келісімге келіп үлгерген. Ағылшын клубы оның келісімшартын мерзімінен бұрын бұзу үшін шамамен 7,4 миллион фунт стерлинг төлеуге мәжбүр болады деп болжануда.
