Q Football

Нұралы Әліп «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

Нұралы Әліп «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

Түркияның клубы Қазақстан құрамасы мен «Зенит» қорғаушысына көз тігіп отыр

Akşam басылымының хабарлауынша, «Галатасарай» скауттары Әліпті мұқият бақылап жүр, бірақ әлі ресми келіссөз басталмапты.

Нұралыдан бөлек Ыстамбұлдың клубы ЦСКА ойыншылары Матвей Кисляк пен Кирилл Глебовті қатарынан көргісі келеді.

«Зенит» Әліпті 2023 жылы «Қайраттан» екі миллион еуроға сатып алған еді. Отандасымыз содан бері Санкт-Петербург клубының намысын 131 матчта қорғап, үш гол соғып, бір нәтижелі пас. Нұралының РПЛ клубымен келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.