Батраков 12-минутта қонақтар қорғаушысының допты сәтсіз алыстатқанын пайдаланып, есеп ашты. Араға үш минут салып, Давинсон Санчестен пас алған жартылай қорғаушы допты қақпашы Фабиан Бредловтың аяқтарының арасынан өткізіп, екінші голын соқты.
«Штутгарт» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, алаң иелері басымдығын сақтап қалды. Неміс командасы бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды, алайда Угурджан Чакырдың қақпасына гол соға алмады.
Бұл дубль Батраковтың Чемпиондар лигасындағы сәтті өнерінің жалғасы болды. Қазіргі маусымда оның еншісінде төрт гол бар.
