Экрем Конурдың хабарлауынша, оған көз тіккендердің қатарында «Арсенал», «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед», «Рома» және «Фиорентина» бар. Бірақ «Брюгге» маусымның бел ортасында басты ойыншысынан айырылғысы келмейді. Сондықтан жазда талас қызу болайын деп тұр.
22 жастағы ойыншы осы маусымда 15 матчта бес гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Оның «Брюггемен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
