34 жастағы қақпашы 2026 жылдың 17 қазанында «Эвертонға» қарсы ойында қорғаушы Джаррад Брантвейтпен соқтығысып, жақ сүйегін сындырып алған. Сол сәттен кейін Мартінес ауруханаға жеткізіліп, оған сәтті операция жасалған.
Бастапқыда клуб қақпашы төрт-алты аптаға дейін қатардан шығады деп болжаған. Қазір «Челси» оның жоспарланған мерзімнен бұрын командаға қайта қосылуы мүмкін деген үмітті жоққа шығармайды.
Соған қарамастан, Мартінестің нақты қашан алаңға шығатыны әлі анықталған жоқ. Клуб соңғы шешімді қақпашының қалпына келу динамикасына және медициналық штабтың ұсыныстарына сүйеніп қабылдайды.
