Q Football

Кевин де Брюйне АПЛ-ге оралуы мүмкін

Кевин де Брюйне АПЛ-ге оралуы мүмкін

«Наполи» 35 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшартты мезгілінен бұрын қаңтар айында бұзбақ

Calciomercato хабарлауынша, «Манчестер Ситидің» бұрынғы жұлдызы «Эвертонға» ауысуы мүмкін. Қос тарап ресми келіссөз бастап кетіпті. Мерсисайдтың клубы Кевинді қысқы трансфер кезеңінде алуды көздеп отыр.

Бұған дейін Де Брюйненің командадағы біраз ойыншымен сөзге келіп қалғаны және бас бапкер Массимилано Аллегримен арасы суып кеткені хабарланған еді.

Бельгиялық ойыншы осы маусымда 15 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.