«Романы» Чемпиондар лигасында 3:2 есебімен жеңгеніне қарамастан, Майкл Карриктің командадағы жағдайы әлі де тұрақсыз. Басқа үміткерлер қатарында Юлиан Нагельсман мен Унаи Эмери бар. Алайда соңғысы «Астон Вилламен» келісімшартын ұзартуға жақын.
Франция құрамасын 14 жыл басқарған Дешам әзірге бапкерлік қызметке қайта оралуға асығар емес. Бұған дейін француз маманы жаңа ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін, бірақ әр мүмкіндікті мұқият бағалайтынын айтқан.
Дереккөздің хабарлауынша, Дешам «Манчестер Юнайтедтің» ұсынысын бірден қабылдауға дайын емес. Ол қолайлы сәтті күтуді жөн көреді. Ал клуб басшылығы команданы жүлделер үшін күреске қайта қоса алатын бапкер іздеуді жалғастырып жатыр.
