Жұлдызды форвард қазіргі уақытта физикалық және психологиялық тұрғыда бабының шыңында тұрғанын, мансабында бұрын-соңды мұндай әмбебап футболшы болмағанын әрі үлкен футболмен қоштасқанға дейін қарқынын бәсеңдетпейтінін атап өтті.
Өз ойынына гипотетикалық өзгеріс енгізу туралы сөз қозғаған 33 жастағы сұрмерген аргентиналық данышпанның басты қаруын қуана иемденетінін жымиып мойындады: Лионель Мессидің аты аңызға айналған сол аяғы болса, қақпаға барар жолда оған қарсы тұруға әлемдегі ешбір қарсыластың шамасы жетпес еді.
