Q Football

Аргентина президенті АҚШ пен Бразилия ел құрамасына қарсы науқанды қаржыландырып отырғанын мәлімдеді

Аргентина президенті АҚШ пен Бразилия ел құрамасына қарсы науқанды қаржыландырып отырғанын мәлімдеді

Хавьер Милейдің сөзінше, Аргентина құрамасына қарсы айтылып жатқан сын, жанкүйерлерді нәсілшілдікке қатысты айыптаулар және ФИФА бұл әрекеттерді жасырын түрде қолдап отыр-мыс деген әңгімелердің барлығы бір орталықтан үйлестірілген науқан ретінде жүргізіліп жатыр

Аргентина президенті бұл науқанды АҚШ Демократиялық партиясы, сондай-ақ Бразилия мен Мексика үкіметтері қаржыландырды деп мәлімдеді. «Бұл - еркіндік идеяларының жеңгенін қаламайтын прогрессивті ой иелерінің ісі», - деп Милейдің сөзін «The Guardian» келтіреді.

Милей әсіресе ең үлкен үлес Луис Инасио Лула да Силва басқаратын «Бразилиялық режимнен» келді-мыс деп атап өтті.

Бұған дейін АФА президенті 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына қатысты мәлімдеме жасаған еді.