Клубтың чемпионаттағы өз стадионында соңғы жеңісі 2025 жылдың 18 қазанына тиесілі. Сол күні «Бернлі» Премьер-лига аясында «Лидсті» 2:0 есебімен ұтқан. Осы нәтижеден кейінгі кезеңде команда үйдегі матчтарда 378 күн бойы жеңіске жете алмай отыр.
Бұл көрсеткіш бұрынғы ең нашар межеден де асып түсті. Бұған дейін антирекорд «Шеффилд Уэнсдей» клубына тиесілі болған: клуб бір кезеңде чемпионаттағы өз алаңындағы ойындарда 376 күн қатарынан жеңіске жете алмаған.
«Бернлінің» сәтсіз сериясы екі маусымға созылып, Англия футболының әртүрлі дивизиондарын қамтыды. Өткен Премьер-лига маусымында команда өз алаңында 15 матч қатарынан жеңіске жете алмаса, биылғы Чемпионшип маусымында бұл серия жеті ойынға дейін ұзарды.
Осы аралықта «Бернлі» 11 рет жеңіліп, 11 мәрте тең түсті. «Портсмутпен» болған 0:0 есебі де бұл тізбекті тоқтатпады - нәтижесінде серия Англия футболы тарихындағы рекордтық көрсеткішке айналды.
