«Ең алдымен Мазрауи кетуі керек. Нуссаир жарақаттан көз ашпайды. Бұл – үлкен мәселе. Командаға тұрақты түрде ойнайтын футболшы керек. Сондай-ақ Лисандро Мартинес пен Маттейс Де Лигт осы қатарға кіреді. Ал Диогу Далотқа әлі де уақыт беру керек. Ол өз позициясын тапқан жоқ»,— деді Невилл.
Он турдан кейін бар-жоғы сегіз ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында 18-орында тұр. Жақында команда тізгінін Маурисио Почеттино ұстады және ол алғашқы матчын 22 қараша күні «Ливерпульге» қарсы өткізеді.
