Q Football

Сассуоло Роберто Д'Аверсаға жаңа бас бапкер қызметін тапсырды

Сассуоло Роберто Д'Аверсаға жаңа бас бапкер қызметін тапсырды

51 жастағы италиялық маман Альберто Аквиланидің орнына келіп, командамен осы маусымның аяқталуына дейін жұмыс істейді.

Италиялық маманмен жасалған келісім қазіргі маусым аяқталғанға дейін жарамды. Д’Аверса команда нәтижелері көңіл көншітпеген соң қызметінен босатылған Альберто Аквиланидің орнына келді.

51 жастағы бапкер бұған дейін «Торино», «Эмполи», «Лечче», «Сампдория», «Парма» және «Виртус Ланчано» клубтарында жұмыс істеген.

Қазір «Сассуоло» А сериясында қиын жағдайға тап болды: 11 турдан кейін команда 8 ұпаймен турнир кестесінде 17-орында тұр.