Q Football

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін жанкүйерлерге үн қатты

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін жанкүйерлерге үн қатты

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметінен кеткен соң жанкүйерлерімен қоштасу жазбасын жариялады

Ағылшын маманы өзі жақсы көретін клубты басқару үлкен мәртебе болғанын айтып, бұл қызметтің жауапкершілігіне ерекше мән бергенін жеткізді. Сондай-ақ «Манчестер Юнайтедтің» бай тарихы, қалыптасқан дәстүрі мен өзіндік құндылықтарын атап өтті.

Кэррик команда қиын кезеңдерді бастан өткергенде де қолдауын тоқтатпаған жанкүйерлерге ерекше алғыс білдірді. Оның айтуынша, жанкүйерлердің адалдығы мен сенімі жекелеген жеңістерден де маңызды.

«Биыл бірге өткізген көптеген керемет сәттеріміз болды. Сол эмоцияларға сіздермен бірге ортақтасу мен үшін ерекше еді. Мен әрдайым сіздердің қолдауларыңызға лайық болуға тырыстым. Бұл клубқа деген сүйіспеншілігім ешқашан сөнбейді», – деп жазды ол.

Сонымен қатар маман өзінің бапкерлер штабына, клубтың барлық қызметкеріне және футболшыларға алғысын айтып, олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сөз соңында Кэррик «Манчестер Юнайтед» өмірінде әрдайым ерекше орын алатынын атап өтті. Енді ол команданы сырттай бақылап, жанкүйер ретінде қолдау көрсетпек.