Стас Покатилов матчты негізгі құрамда бастап, капитандық таңғыш тақты.
Кездесудің 11-минутында «Сабах» алға шықты: Орфе Мбина өзбекстандық Умарали Рахмоналиевтің пасынан кейін есеп ашты.
Алайда 27-минутта «Викинг» таразы басын теңестірді - Эрик Ботхейм қақпаға ұшып келе жатқан допты бірден теуіп, гол соқты. Екінші таймда норвегиялықтар алға шықты: Златко Трипич пенальти орындағанда Покатилов соққыны қайтарды, бірақ доп қайта өзіне келіп, қайталанған соққыға қазақстандық қақпашы үлгермеді.
Одан кейін 81-минутта Хенрик Фальханер бұрыштамадан кейін мергендік танытса, 94-минутта Ботхейм матчтағы соңғы нүктені қойды. Қорытынды есеп - 4:1, «Викингтің» жеңісі.
Төрт турдан кейін «Сабахтың» қоржынында үш ұпай бар, ал «Викинг» төрт ұпай жинады. Келесі турда Покатиловтың командасы 25 қараша күні Қазақстан уақытымен 22:45-те «Барселонаны» қабылдайды.
