Q Football

Клубтық футбол үзіліске шықпайды. Ұлттық құрамалардың матчтарына дайындық кезінде ПСЖ «Баварияны», ал «Барселона» «Арсеналды» қабылдайды

Клубтық футбол үзіліске шықпайды. Ұлттық құрамалардың матчтарына дайындық кезінде ПСЖ «Баварияны», ал «Барселона» «Арсеналды» қабылдайды
Getty Images

Әлемнің жетекші чемпионаттарының басым бөлігінде ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты үзіліс басталды. Алайда әлемдік футбол, соның ішінде Чемпиондар лигасы тоқтамайды.

Иә, қате оқыған жоқсыз. Еуропалық Чемпиондар лигасының кезекті туры алдағы күндері өтеді. Рас, әңгіме әйелдер арасындағы турнир туралы болып отыр. Бірақ сеніңіздер, мұнда да тамашалайтын қызықты дүниелер жетерлік.

Сол баяғы алып клубтар. «Рома», «Бенфика», «Манчестер Сити», ПСЖ, «Реал Мадрид», «Арсенал», «Бавария», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Лион» және «Челси». Бұл клубтар турнирге жай ғана қатысып жүрген жоқ, ерлер арасындағы еурокубоктардағыдай жетекші командалардың қатарында. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде барлығы 18 команда бақ сынайды.

Чемпиондар лигасы финалының қайталануы. 12 қарашада «Барселона» мен «Арсенал» өзара кездеседі. Дәл осы екі команда 2024/2025 жылғы маусымның финалында ойнаған болатын. Сол кезде ағылшын футболшылары сенсациялық түрде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Микель Артета шәкірттеріне тән үздік дәстүрлердің бірі дерсің. Оның үстіне каталондық клуб сапында Айтана Бонмати мен Алексия Путельяс өнер көрсетеді. Біріншісі 2023, 2024 және 2025 жылдары «Алтын допты» жеңіп алса, екіншісі 2021, 2022 және 2026 жылдары әлемнің үздік футболшысы атанған.

Ғажайып «Лион». Франциялық клуб финалға шығу және турнирде жеңіске жету саны бойынша рекорд иесі саналады. «Олимпик» шешуші матчқа 12 рет қатысып, сегіз мәрте жеңімпаз атанған. 2016–2020 жылдар аралығында «Лион» қатарынан бес рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ерлер арасындағы «Реал Мадридтің» де ұмтылатын жетістігі бар екен.

Голдар жауыны. Әрине, барлық кездесу нәтижелі бола бермейді. Дегенмен «Бавария», «Ювентус» және ПСЖ жалпы кезеңнің алғашқы үш турында бір матчта орта есеппен екі голдан соқты. Ал нағыз гол машинасы — «Лион» мен «Барселона». Франциялық команда үш турда 14 рет мергендік танытса, испаниялықтар 19 гол соқты! Каталондық қыздар «Парижді» (5:2), «Романы» (6:0) және Данияның «Кёге» клубын (8:0) ойсырата жеңді.

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 10, 11 және 12 қарашадағы матчтарын QFootball сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.