Q Football

Ферминнің дублі «Барселонаға» «Атлетикоға» қарсы камбэк әкелді

Ферминнің дублі «Барселонаға» «Атлетикоға» қарсы камбэк әкелді
Getty Images

Бұл жолы «Метрополитанода» Ханс-Дитер Фликтің командасы жылдам гол жіберіп алды, бірақ кейін лайықты жауап тапты.

«Метрополитано» стадионында өткен матчта «Барселона» «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде мадридтік клуб 10-минутта Симеоненің голымен алға шыққанымен, қонақтар ойынның екінші бөлігінде таразы басын өз жағына аударды.

«Барселона» сапынан Фермін Лопес 45 және 66-минуттарда мергендік танытып, дубль авторы атанды. Осылайша каталондықтар ерте жіберген голдан кейін камбэк жасап, үш ұпайды алып кетті.

«Атлетико» негізгі құрамда Облак, Льоренте, Пубиль, Ганцко, Гримальдо, Симеоне, Коке, Барриос, Баэна, Кан-ин Ли және Альвареспен ойнады. 78-минутта Барриостың орнына Давид алаңға шықты.

«Барселона» қақпасына Гарсия тұрды. Қорғаныста Фариньяс, Кубарси, Мартин, Канселу ойнаса, ортада Ф. Лопес, Берналь, Педри шықты. Шабуыл шебінде Ямаль, Рафинья және Гордон болды.

Екінші тайм басында Фариньястың орнына де Йонг қосылды, 61-минутта Канселуды Кристенсен алмастырды. 74-минутта бірден екі ауысым жасалып, Ф. Лопестің орнына Гави, Бернальдың орнына Э. Гарсия кірді. 86-минутта Гордонның орнына Адейеми шықты.

Ойында ескертулер «Атлетико» қатарынан Баэна, Льоренте, Пубильге, ал «Барселона» қатарынан Бернальға көрсетілді.