Нидерландтық футболшы «Арсеналға» 2023 жылы «Аякстан» ауысып келген. Ол командадағы алғашқы ойынында тізесінің айқастырма байламын ауыр жарақаттап алғанымен, кейін толыққанды қалпына келіп, Микель Артетаның қорғанысындағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.
2025/26 маусымында Тімбер Премьер-лигада 30 матч өткізіп, «Арсеналдың» чемпиондық титул алуына үлес қосты. Жалпы алғанда, қорғаушы лондондықтар сапында 105 кездесімге қатысып, жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.
Тімбердің басты ерекшеліктерінің бірі - әмбебаптығы: ол қорғаныстың бірнеше позициясында, соның ішінде қапталда да, орталықта да ойнай алады. Оның қолданыстағы келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.
Тімбермен жаңа келісімге келу - «Арсеналдың» жетекші ойыншыларын сақтап қалуға бағытталған жоспарының бір бөлігі. Бұған дейін клубпен ұзақмерзімді келісімге Микель Артета қол қойған, ал Деклан Райспен келіссөздер әлі жалғасып жатыр.
