Q Football

«Борнмут» «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедті» ойсырата жеңді

«Борнмут» «Олд Траффордта» «Манчестер Юнайтедті» ойсырата жеңді

Англия Премьер-лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы 8-турда «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Борнмуттан» 0:3 есебімен жеңіліп қалды

25 қазанда Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионында өткен кездесуді 76 212 көрермен тамашалады. Матчтың бас төрешісі Джарред Джиллетт болды.

Қонақтар 38-ші минутта есеп ашты. Джастин Клюйверттің пасынан кейін Райан мергендік танытты. Араға бес минут салып, Адриен Трюффердің нәтижелі пасын Маркус Таверньер голға айналдырып, «Борнмуттың» басымдығын еселей түсті.

71-ші минутта Эванилсон матчтың соңғы нүктесін қойды. Бразилиялық шабуылшы Льюис Куктың пасынан кейін есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша, «Манчестер Юнайтедтің» жеңіссіз сериясы қатарынан сегіз матчқа дейін ұзарып отыр.