Q Football

Луис Диас жарақатынан кейін «Баварияның» жаттығуларына оралды

Луис Диас жарақатынан кейін «Баварияның» жаттығуларына оралды

Мюнхендік «Бавария» Германия чемпионаты қайта басталар алдында жақсы жаңалық алды. Колумбиялық шабуылшы Луис Диас қазан айында алған жарақатынан кейін алғаш рет команданың жалпы жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Bulinews.

Футболшы Чемпиондар лигасында «Арсеналға» қарсы матчта (2:2) бұлшықетін жыртып алып, содан кейін барлық турнирде бес кездесуді өткізіп алды. Ол болмаған уақытта мюнхендік клуб бірнеше жеңіске жетті. Соның ішінде «Атлетиконы» 2:0, ал «Магдебургті» 6:1 есебімен жеңді.

Диастан бөлек, Джамал Мусиала мен Бара Сапоко Ндиайе де командалық жаттығуларға оралды. Неміс жартылай қорғаушысы бұлшықет жарақатынан айығып келеді, ал Ндиайе аппендицитті алып тастау операциясынан кейін спорттық бабын қалпына келтіріп жатыр.

Жарақат алғанға дейін Диас биылғы маусымда 11 матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. «Бавария» 21 ұпаймен Бундеслига кестесінде көш бастап тұр және 20 қарашада өз алаңында «Кёльнге» қарсы кездесуге дайындалып жатыр. Одан кейін 25 қарашада Чемпиондар лигасында «Лилльмен» ойнайды.