Q Football

Луис Диас қатарға оралды

Луис Диас қатарға оралды
Фото: Stefan Matzke - sampics / Getty Images

«Бавария» шабуылшысы жарақатына байланысты бір ай үзілістен кейін жаттығуға кірісті

«Халім өте жақсы. Жақын арада алаңға ораламын деп үміттенемін. Келесі матч па, ол жағы белгісіз. Команда қатарына қайта келгеніме қуанып тұрмын. Тезірек сауығып, ойнауға асықпын»,— деді Диас.

Луис 22 қазан күні Чемпиондар лигасындағы «Арсеналға» (2:2) қарсы ойында бұлшық ет шоғырын үзіп алып, содан бері алты матчтан тыс қалған еді.

Енді лазаретте Исмаэль Сайбари, Жамал Мусиала, Серж Гнабри, Майкл Олисе және Харри Кейн қалды.

29 жастағы колумбиялық вингер осы маусымда 11 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның Мюнхен клубымен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.