Далот «Манчестер Юнайтедте» Люк Шоу жарақат алғаннан бері сол қапталда жиі ойнап жүр. Гари Невилл осы үшін оны сынаған жанкүйерлерге қарсы шықты: «Өткен аптада Далотты «Олд Траффордта» ысқырды. Бұған қатты таңғалдым».
Невиллдің айтуынша, клуб Далотты өзіне үйреншікті емес орынға қайта-қайта қояды. «Рубен Аморим оны сол қапталдағы қанат қорғаушысы етіп ойнатты. Мұны көру қиын болды. Мен оң жақ қорғаушысы болсам, сол қапталға қоюға келіспес едім. Далот та — оң жақ қорғаушысы», — деді ол.
Невилл Далоттың команда үшін бұл міндеттен бас тартпайтынын атап өтті. Бірақ оның ойынындағы кемшілікті де жасырмады: «Ол ешқашан міндетінен қашпайды. Дегенмен алаңда орын таңдауы жақсы емес, доппен де тәуірірек ойнай алады».
Сейсенбі күні Португалия Уэльсті 3:2 есебімен жеңген матчта Далот тағы да сол жақта ойнады. Ойыннан кейін ол: «Өзімді бұл орында еркін сезінемін. Бұған дейін де сол жақта біраз матч өткіздім, клубымда да сонда ойнап жүрмін. Бұл менің сүйікті орным ба? Жоқ шығар. Бірақ бапкерге қажет болсам, дайынмын», — деді.
