Журналист Алекс Круктың мәліметінше, Каррик алдағы матчтарда да команданы басқаруы ықтимал. Дегенмен клуб басшылығы халықаралық үзіліс кезінде бапкерлік мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.
Оның орнына келуі мүмкін үміткерлердің бірі – Маурисио Почеттино. talkSPORT мәліметінше, аргентиналық маман «Олд Траффордта» жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. Алайда қазір ол АҚШ құрамасын жаттықтырады.
Почеттиноны тағайындауға басты кедергі келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төлеу қажеттілігі болуы мүмкін. Сонымен қатар «Манчестер Юнайтед» бас бапкерді ауыстырмай, Карриктің бапкерлер штабын күшейту нұсқасын да қарастырып жатыр.
