Q Football

Шомуродов пен Мессиді артта қалдырды: Әлем чемпионатының ең әдемі голы белгілі болды

Шомуродов пен Мессиді артта қалдырды: Әлем чемпионатының ең әдемі голы белгілі болды
Phil Walter/Getty Images

ФИФА ресми түрде 2026 жылғы Әлем біріншілігінің ең әдемі голын жариялады — бұл атақ Аргентина қақпасын дәл көздеген африкалық қорғаушыға бұйырды.

ФИФА баспасөз қызметінің хабарлауынша, жанкүйерлер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылғы Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды. Бұл мәртебелі марапат Кабо-Верде ұлттық құрамасының қорғаушысы Сидни Кабралға бұйырды. Ол 1/16 финал аясында Аргентина құрамасына қарсы өткен драмалық кездесуде ғажайып соққысымен көзге түскен болатын. Африкалық ұжым қосымша уақытта 2:3 есебімен есе жібергеніне қарамастан, Кабралдың 103-минуттағы әрекеті футбол тарихында қалмақ. Ойын барысында ол жартылай қорғаушы Алексис Мак Аллистерді алдамшы қимылмен қапы қалдырып, допты Эмилиано Мартинес қорғаған қақпаның жоғарғы бұрышына дәл көздеген еді.

​Сауалнама қорытындысы бойынша екінші және үшінші орындарды өзбекстандық Элдор Шомуродов пен гаитилік Вильсон Изидор өзара бөлісті. Сондай-ақ, үздік гол атағына Килиан Мбаппе (Франция), Лионель Месси (Аргентина), Джуд Беллингем (Англия) және Ферран Торрес (Испания) сияқты әлем футболының жарық жұлдыздары да үміткер болған.