Q Football

«Ливерпуль» Ван Дейкпен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль» Ван Дейкпен келісімшартты ұзартпақ

35 жастағы қорғаушы Мерсисайдтың клубында тағы бір жылға қалады

TEAMtalk хабарлауынша, «қызылдар» Ван Дейкпен келісімшартты 2027 жылдың жазына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созуға болады екен. Бас бапкер Андони Ираола Вирджилті жасына қарамастан жоғары бағалайды. Бірақ келісімшартты ұзарту үшін Ван Дейк жалақысының төмендейтініне келісім беру керек.

Сондай-ақ «Ливерпуль» жалда ойнап жүрген Рональд Араухоны сатып алу туралы «Барселонамен» келіссөз жүргізіп жатыр.

Ван Дейк «Ливерпуль» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 13 матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекет жасай алмады.