Q Football

Маурисио Почеттино – «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері

Маурисио Почеттино – «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері

«Манчестер Юнайтед» Маурисио Почеттиноның негізгі команданың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады

54 жастағы аргентиналық маманмен 2029 жылға дейін келісімшарт жасалды.

Почеттино бейсенбі күні қызметінен кеткен Майкл Кэрриктің орнын басты. Жаңа бапкер командамен жұмысты 18 қарашада бастайды.

Бұған дейін аргентиналық маман АҚШ ұлттық құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ ол «Челси», «ПСЖ», «Тоттенхэм», «Саутгемптон» және «Эспаньол» клубтарында қызмет атқарды.

Қазіргі уақытта «Манчестер Юнайтед» АПЛ турнирлік кестесінде 18-орында тұр. Команда он турдан кейін сегіз ұпай жинаған.