Q Football

УЕФА Джанни Инфантиноға сенімсіздік вотумын жариялауға дайын

УЕФА Джанни Инфантиноға сенімсіздік вотумын жариялауға дайын

The Telegraph мәліметінше, егер ФИФА президенті Джанни Инфантино қызметінен өз еркімен кетпесе, УЕФА құрамындағы барлық 55 ұлттық қауымдастық оған сенімсіздік вотумын қолдауы мүмкін.

Наразылыққа Инфантиноның әлем чемпионаттарының коммерциялық құқықтарының бір бөлігін жеке инвесторларға сату мүмкіндігін қарастырғаны туралы ақпарат себеп болды. Бұл бастама еуропалық футбол қауымдастықтарының қатты қарсылығын туғызып, олар жоспар жүзеге асқан жағдайда ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарына бойкот жариялау мәселесін талқылаған.

Кейіннен Инфантино бұл идеядан бас тартты. Алайда УЕФА өкілдері бұл жағдай ФИФА басшылығына деген сенімге айтарлықтай нұқсан келтірді деп есептейді. Ұйымда аталған келісімді талқылау үдерісі ашық болмағанын және әлемдік футбол қауымдастығы тарапынан көптеген сұрақ туғызғанын мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, сенімсіздік вотумын бастау үшін 43 қауымдастықтың қолдауы жеткілікті. Бірақ қажет болған жағдайда бастаманы УЕФА-ның барлық 55 мүшесі қолдауға дайын.