Q Football

Эмери «Манчестер Юнайтедпен» матчтағы жеңісті жіберіп алғаннан кейін журналистке ашулы жауап берді

Эмери «Манчестер Юнайтедпен» матчтағы жеңісті жіберіп алғаннан кейін журналистке ашулы жауап берді

«Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери «Манчестер Юнайтедпен» 4:4 есебімен аяқталған матчтан кейін Sky Sports журналисімен сөзге келіп қалды. Испаниялық маманнан финалдық ысқырыққа дейін техникалық аймақтан неге кетіп қалғаны сұралды.

«Олар 96-минутта гол соқты, ал төреші алты минут қосқан болатын. 96-минуттың 30-секундында біз допты алаң ортасынан ойынға қостық. Мен ағылшынша нашар сөйлеймін, бірақ бұл түсінікті ме, жоқ па?» – деп ашулана жауап берген Эмери сұхбатты аяқтады.

Кездесу барысында «Астон Вилла» екі рет екі гол айырмасымен алда болды. Есеп 2:2 болғаннан кейін қонақтар Джон Макгинн мен Леон Горецканың голдарының арқасында қайтадан басымдыққа ие болды. Алайда матч соңында Джошуа Зиркзее мен Патрик Доргу гол соғып, манчестерліктерді жеңілістен құтқарды.

Эмери командасының жеңіске жету мүмкіндігін жіберіп алғанын мойындағанымен, нәтижені әділетсіз деп санамайтынын айтты. Осы матчтан кейін «Астон Вилла» Англия Премьер-лигасында оныншы орында қалды. Ал «Манчестер Юнайтед» төменгі дивизионға түсіп қалу аймағында тұр.