32 жастағы швециялық қорғаушы 2025 жылдың жазында «Манчестер Юнайтедпен» келісімі аяқталған соң Бирмингемге ауысқан. Содан бері Линделёф Унаи Эмери командасының негізгі құрамынан тұрақты орын алып, қорғаныстағы басты ойыншылардың біріне айналды.
Осы маусымда ол Англия Премьер-лигасында «Астон Вилланың» барлық сегіз кездесуіне де алғашқы минуттан қатысқан.
Дереккөздің хабарлауынша, клуб ойыншыға келісімшартты ұзарту ниетін алдын ала жеткізіп қойған. Қорғаушының қазіргі келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал жаңа құжатқа қол қойылса, Линделёф кем дегенде 2028 жылдың жазына дейін командада қалуы мүмкін.
Тараптар жақын арада ортақ шешімге келеді деген болжам бар, бірақ ресми ақпарат кейінірек жариялануы мүмкін.
