Q Football

«Челси» қызметкерлеріне Fantasy Premier League арқылы ақпараттың таралуына қатысты ескерту жасады

«Челси» қызметкерлеріне Fantasy Premier League арқылы ақпараттың таралуына қатысты ескерту жасады
©️BBC SPORT

Бұған Жоао Педроның жарақаты туралы ресми мәлімдемеге дейін белгілі болған жағдай себеп болды.

«Тоттенхэмге» қарсы матч алдында (0:2) Fantasy Premier League ойынына қатысты бірнеше танымал контент авторы Морган Роджерс пен «Челсидің» кейбір қызметкерлері өз виртуалды құрамдарынан Педроны алып тастағанын байқаған. Кейін футболшының сан бұлшықетінің жарақатына байланысты ойынға қатыспағаны анықталды.

Осы жағдайдан кейін клуб басшылығы қызметкерлерге электронды хат жолдап, Fantasy Premier League және басқа да ашық ойын платформаларында қызметтік ақпаратты пайдаланудың салдары туралы ескертті.

Бас бапкер Хаби Алонсо бұл жағдайдан хабарсыз болғанын айтты. Ал клуб басшылығы оқиғаны жеке жағдай ретінде қарастырып, әзірге қосымша шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ.

Бұған дейін де «Челсиде» құрам туралы ақпараттың сыртқа таралу жағдайлары болған. Өткен маусымда «ПСЖ»-ға қарсы Чемпиондар лигасының екі матчында да ойыншылар тізімі алдын ала жария болып кеткен. Сондай-ақ Марк Кукурельяның шаштаразы әлеуметтік желіде Жоао Педро мен Коул Палмердің «Брайтонға» қарсы кездесуге қатыспайтынын жариялаған.

Мәліметтерге сәйкес, Fantasy Premier League ойынын 11 миллионнан астам адам ойнайды. Ал Англия Премьер-лигасы клуб қызметкерлері мен футболшылардың бұл ойынға қатысуына қатысты арнайы ереже бекітпеген. Мұндай мәселелерді реттеу әр клубтың өз құзыретінде.