The Athletic мәліметінше, португалиялық жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Сонымен қатар клубтың оны тағы бір маусымға ұзарту құқығы бар. Футболшы алғашқы ұсынысты жазда қабылдамаған, ал жақында жақсартылған шарттардан да бас тартқан.
Биылғы маусымдағы сәтсіз бастамаға қарамастан, «МЮ» өз көшбасшысын командада сақтап қалуға ниетті. Өткен АПЛ маусымында Фернандеш 21 нәтижелі пас беріп, турнир рекордын жаңартты. Сондай-ақ ол FWA және PFA нұсқалары бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды.
Майкл Кэррик қызметінен кеткеннен кейін бас бапкерлікке басты үміткер саналып отырған Почеттиноның келуі жағдайды өзгертуі мүмкін. Аргентиналық маман Фернандештің шеберлігін жоғары бағалайды және 2019 жылы оны «Тоттенхэмге» шақыруға тырысқан.
