Q Football

Рафинья Жапониядан жеңілгеннен кейін төрешінің шешімдерін сынға алды

Рафинья Жапониядан жеңілгеннен кейін төрешінің шешімдерін сынға алды

Бразилия құрамасының шабуылшысы Рафинья Жапонияға қарсы жолдастық кездесудегі төрешіліктің сапасына көңілі толмағанын жеткізді.

Бразилиялықтар 2:3 есебімен жеңіліс тапқан матчта футболшы төрешінің бірқатар шешімі ойын нәтижесіне әсер етті деп есептейді.

«Ең алдымен, алаңнан қуылғаным үшін кешірім сұрағым келеді. Мұндай сәтте эмоцияны бақылау оңай емес. Төреші тым көп қателік жіберді. Мен онымен сөйлесуге тырыстым, бірақ ол диалогқа дайын емес сияқты көрінді. Менің ойымша, матч барысында көптеген даулы шешім қабылданды. Бұған жол беруге болмайды.

Алғашқы гол соғылған сәтте ереже бұзылды. Қарсылас ойыншысы допты қолмен ойнады, бұл қолданыстағы ережелер бойынша фол болып саналады. Маған қарсы жасалған ереже бұзушылықтан кейін пенальти белгіленбеді. Артынша үшінші голды өткізіп алдық. Жоао Гомеске қарсы да анық фол болды, бірақ төреші оны елемеді. VAR жүйесіне жүгінгеннен кейін гол есепке алынды.

Біз матчтың басынан бастап бар күшімізді салдық. Әлі де жұмыс істейтін тұстарымыз бар, бірақ команда дамып, өз ырғағын тауып келеді. Меніңше, жақсы ойын көрсеттік, әсіресе екінші таймда әлдеқайда сәтті өнер көрсеттік. Алайда қарсыласпен қатар төрешіге де қарсы ойнау қиын. Төрешілердің мұндай шешімдері жауапсыз қалмауы керек», — деп келтіреді Рафиньяның сөзін Globo.