Матчтан кейін Леандро Паредес чемпион ретінде журналистердің сұрағына жауап беріп тұрғанда кенет есін жоғалтып алып, жерге құлап түсті. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайы бірқалыпты екен.
Паредес 2025 жылы Аргентинаға оралып, «Бока Хуниорс» жейдесін қайта киді. Оған дейін Леандро «Рома», ПСЖ, «Ювентус», «Зенит» және «Эмполида» ойнаған. Сондай-ақ ол Аргентина құрамасымен 2022 жылы Әлем чемпионы атанып, Америка кубогын (2020/21, 2023/24) екі мәрте жеңіп алған.
32 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда 42 матчта төрт гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.
