Q Football

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының екінші турында «Барсаға» есе жіберді

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының екінші турында «Барсаға» есе жіберді

Екінші тур ойынында МФК «Семей» - МФК «Барса» (Испания) матчы 1:6 есебімен аяқталды

Семейліктер сапынан жалғыз голды 24-минутта Дедезиньо соқты. Ал «Барса» қатарында Эрик 7 және 34-минуттарда мергендік танытса, Игор Соуза 18-минутта, Адольфо 27-минутта, Мухудин 27-минутта, Антонио Перес 39-минутта есепті еселеді.

Тәртіптік жазалар бойынша «Семей» сапынан Педриньо 12-минутта, Игита 23-минутта ескерту алды. Қарсыластар сапында Антонио Перес 12-минутта, Туре 29-минутта сары қағаз көрді. 32-минутта Педриньо алаңнан қуылды.

МФК «Семей» құрамында алаңға Игита (Қ), Родригиньо, Фернан, Біржан Оразов, Педриньо, Жайме Кнейсс (Қ), Кайо Торрес, Нұрсұлтан Пиялы, Чингиз Есенаманов, Габриэл Кандидо, Дедезиньо, Ринат Төрегазин, Дәурен Тұрсағұлов, Эдуардо Гомес шықты. Команданы бас бапкер Сержи Альтисент басқарды.

«Барса» сапында Микель Фейшас (Қ), Антонио Перес, Пито, Туре, Серхио Гонсалес, Дидак Плана (Қ) (К), Абад (Қ), Роджер Гарсия, Игор Соуза, Адольфо, Катела, Эрик, Негиньо, Мухудин ойнады. Бас бапкері - Хави Родригес.

Ойынды Антонио Димундо (Италия) мен Онджей Черны (Чехия) жүргізді, үшінші төреші - Даниэль Штаубер (Австрия). Хронометрист қызметін Марек Анталик (Словакия) атқарды.

Матч 2026 жылдың 29 қазанында сағат 20:00-де Словакияның Лученец қаласындағы «Спорт холл» аренасында өтті.