Кездесуден кейін ван Дейк командаға дәл осындай табанды ойын қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Энфилд» жанкүйерлері де мұндай әрекеттерді жоғары бағалайды.
«Араухо қажетті сәтте агрессивті ойнады. Бізге дәл осы керек. Жанкүйерлердің қалай қолдау білдіріп жатқанын көріп отырсыздар. «Энфилдте» мұндай әрекеттерді өте жақсы көреді және бұл энергия бүкіл командаға беріледі», — деді қорғаушы Anfield Sector басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Араухо «Барселонадан» «Ливерпульге» маусым соңына дейін жалға ауысты. Келісімшартта футболшыны сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
АПЛ-дің сегіз турында 15 ұпай жинаған «Ливерпуль» турнир кестесінде төртінші орында тұр.
