Financial Times басылымының хабарлауынша, тәуелсіз комиссияның тыңдаулары бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ал түпкілікті шешім 2027 жылы жарияланады деп күтілуде.
Еске салайық, бұған дейін «Манчестер Сити» АПЛ-дің қаржылық талаптарын бұзуға қатысты айыптардың басым бөлігі бойынша кінәлі деп танылған еді. Тек бір тармақ бойынша клубқа тағылған айып дәлелденбеген. Алайда «қалалықтар» бұл шешіммен келіспей, апелляцияға жүгінді.
Ақпаратқа сәйкес, клубтың шағымы қанағаттандырылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда тәуелсіз комиссия жаза түрін таңдауда кең өкілеттікке ие болады. Ықтимал санкциялардың қатарында «Манчестер Ситиді» АПЛ-ден шығару да бар.
Дегенмен, жазаның нақты қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз. Себебі клуб комиссияның санкция туралы шешіміне де апелляция бере алады.
