Q Football

«Арсенал» төрт вингерге көз тігіп отыр

«Арсенал» төрт вингерге көз тігіп отыр

Лондонның клубы қыста қатарына вингер қосуды көздейді

The Independent хабарлауынша, «зеңбірекшілер» «Борнмуттан» Эли Джуниор Крупиді алғысы келеді, бірақ «шиелер» маусымның бел ортасында басты жұлдызын сата қоймайды.

Сондай-ақ бас бапкер Микель Артета Эндрик («Реал»), Алекс Баэна («Атлетико») және Антонио Нусаға («Лейпциг») қызығушылық танытып отыр.

Егер «Арсенал» қыста вингер алатын болса, Мартин Субименди командадан кетуі бек мүмкін. Оған көз тіккендердің қатарында «Реал», «Атлетико» және «Челси» бар.

Он турдан кейін 27 ұпай жинаған «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасындс көш бастап тұр.