«Юнайтед» басшылығы «Борнмуттан» өз алаңында ойсырай жеңілгеннен (0:3) кейін Майкл Кэрриктің орнына жаңа бапкер іздеп жатыр. Команда АПЛ-да 16-орында тұр және төмендеу аймағынан небәрі бір ұпай ғана жоғары.
TEAMtalk хабарлауынша, басты үміткер Эдди Хау саналады, алайда спорт директоры Джейсон Уилкокс өткен маусымда «Вилламен» Еуропа лигасын жеңіп алған Эмериді де жоғары бағалайды. Дегенмен испаниялық маманның маусым ортасында ауысуы екіталай көрінеді.
Ал Джейми Каррагер Эмери бұл ұсынысқа қызығып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Осындай табысқа жеткен адам Чемпиондар лигасын жеңіп, нағыз футбол алыбында өзін көрсеткісі келетіні анық», — деді сарапшы Sky Sports арнасына.
