Белгілі инсайдердің мәліметінше, клуб басшылығының шешімі бірден күшіне енеді. 45 жастағы маманның жетекшілігімен өткен соңғы матч «Астон Виллаға» қарсы болып, 4:4 есебімен аяқталды.
Бос қалған қызметке басты үміткер ретінде қазіргі уақытта АҚШ құрамасын жаттықтырып жүрген Маурисио Почеттино қарастырылуда. БАҚ мәліметінше, тараптар келісімшарт талаптары бойынша алдын ала келісімге келген.
Бұған дейін аргентиналық маман «Саутгемптон», «Тоттенхэм», «Челси» және «ПСЖ» клубтарын жаттықтырған.
