Q Football

Палмер АПЛ-де «Челси» сапындағы 50-голын соқты

Палмер АПЛ-де «Челси» сапындағы 50-голын соқты

Коул атаулы добын Ағылшын Премьер-лигасының 9-турында «Манчестер Юнайтед» (2:0) қақпасына тоғытты

Ойынның 64-минутында 24 жастағы англиялық жартылай қорғаушы пенальтиден мергендік танытты. Осылайша ол АПЛ-дегі 124-матчында 50-голын соқты. Сондай-ақ еншісінде 35 ассист бар.

Лондонның клубы Палмерді 2023 жылы «Манчестер Ситиден» 47 миллион еуроға сатып алған еді. Оның «көктермен» келісімшарты 2034 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.