ДФБ өкілі Аксель Хельманн Германияда 2038 немесе 2042 жылғы әлем чемпионатын өткізуге қажетті инфрақұрылымның - стадиондар, базалар мен қонақүйлердің толық бар екенін айтты. Оның пікірінше, елге тек ареналарды сәл жаңарту қажет, ал 2006 жылғы турнирден кейін Германия әлемге өзінің қонақжайлығын дәлелдеп үлгерді.
«The Athletic» басылымы Хельманннің сөзін келтіреді:
«Бұл турнирді қуана өткізер едік. ДФБ де, ұйым президенті Нойендорф та 2042 жылғы, бәлкім 2038 жылғы әлем чемпионатына өтінім бергісі келеді. Бәрі ФИФА регламентіне байланысты. 2038 жылға да өтінім бере аламыз, бірақ 2042 жылы турнирді жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндігіміз өте жоғары.
Германияда қажетті инфрақұрылым бар, алайда заманауи, жаңартылған стадиондар керек. 2006 жылы немістер «тым салмақты» деген түсініктің орнын Германияның қонақжай ел екені туралы көзқарас басты. Жаһандық нарық тұрғысынан бұл көптеген мүмкіндіктерге жол ашар еді. Бұл біздің ең мықты маркетингтік қадамымыз болар еді».
