Mundo Deportivo мәліметінше, нидерландтық қорғаушы әлі де «қызылдардың» негізгі ойыншыларының бірі саналады. Бапкерлер штабы оның көшбасшылық қасиеттері мен команда ішіндегі беделін жоғары бағалайды. Сонымен қатар футболшы АПЛ-дың биылғы маусымындағы алғашқы он турда барлық минутты алаңда өткізген.
Ван Дейктің қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады. «Ливерпуль» жақын арада оған жаңа келісімшарт ұсынады деп күтілуде. Қорғаушының өзі болашағына қатысты белгісіздікке алаңдамайтынын айтты: «Көре жатармыз. Мен уайымдамаймын. Ойнауды жалғастырып, өз жұмысымды атқарғым келеді. Егер «Ливерпульде» қалсам, керемет. Ал олай болмаса, басқа клубқа ауысамын».
Айта кетейік, Ван Дейк 2018 жылдың қаңтарынан бері мерсисайдтық клубта өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Чемпиондар лигасын жеңіп алып, екі рет Англия чемпионы атанды. Нидерландтық футболшы 2023 жылдан бері команданың капитаны қызметін атқарып келеді.
