Маманның пікірінше, Лондон клубы өзге қарсыластарынан айтарлықтай басым. «Ньюкаслмен» 2:2 есебімен тең түскеннен кейін Микель Артета шәкірттері турнир кестесінде алты ұпайлық басымдығын сақтап қалды. Ал басты қарсыластары да ұпай жоғалтты.
«АПЛ-дің үздік алтылығына қарасақ, «Арсенал» өзгелерден анық ерекшеленіп тұр және чемпиондықты үлкен басымдықпен жеңіп алады. Қалған дәстүрлі үміткерлер қазір қиындықтарға тап болып жүр», — деді Невилл Sky Sports подкастында.
Сондай-ақ ол турнир кестесінде 19-орынға түсіп қалған манкуниандықтардың жағдайына тоқталды.
«Бұл шынымен ұят жағдай. Команданың ойынын көру қиын әрі шаршатады. Соңғы 53 жылда «Манчестер Юнайтед» дәл қазіргідей нашар болған емес», — деп мәлімдеді сарапшы.
Дегенмен Невилл ағылшындық ұжым төменгі үштіктен шығып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта алады деп есептейді.
