Q Football

Кай Хаверц Гюндоганның рекордын жаңартты

Кай Хаверц Гюндоганның рекордын жаңартты

«Арсенал» шабуылшысы 9-турдағы «Ливерпульге» қарсы матчта (1:0) жалғыз голды соқты

Осылайша ол Ағылшын Премьер-лигасында ең көп гол соққан германиялық футболшы атанды. Хаверц 46-рет мергендік танытып, 45 голы бар Илкай Гюндоганның рекордын жаңартты.

«Зеңбірекшілер» 27 жастағы неміс форвардын 2023 жылы «Челсиден» 75 миллион еуроға сатып алған. Ол осы маусымда 14 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Хаверцтың «Арсеналмен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.